Серік Сәпиев не себепті министрліктен кеткенін түсіндірді

19 қазан 2021, 19:40

Қазақстандық спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев министрліктен кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол министрліктен кеткенімен, спортта қалатынын мәлімдеді. 

 
"Мен спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Қызмет еткен жылдарымда маған көмектескен барлық басшылар мен әріптестерге ризашылығымды білдіремін! Мен спортта қаламын", - деп жазды ол.

осыған дейін Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.

Сондай-ақ, Сәпиевтің басқа қызметке орналасатыны айтылды.

Stan.kz