Шахматшы Динара Сәдуақасова олигархтың ұлына тұрмысқа шығады

13 тамыз 2023, 19:12

Танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың ұлы Әнуарға тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің дереккөздің мәліметінше, жастар осы күзде той жасайды.

 

Еске сала кетсек, Динара Сәдуақасова - әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы (2019).

 

Биыл наурызда ол Ақордада президентпен кездескен.

 

Әнуар Өтемұратов – әкесі секілді кәсіпкер. Ол Қазақстанда Burger King франшизасына ие.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz