Шавкат Рахмоновқа лайықты қарсылас ұсынылды

17 тамыз 2023, 09:17

UFC-де өенр көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

 

Қазіргі таңда менеджерлер Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеп жатыр.

 

Осы ретте қазақстандықпен АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында бірге жаттығатын Иан Шавкат жұдырықтаса алатын бірнеше қарсыласты атады.

 

"Гастелуммен жекпе-жек Шавкат үшін жақсы болатын еді. Шавкат - мықты жігіт. Өте-мөте жақсы файтер. Мен оны кезегімен бірнше файтерге қарсы айқасын көргім келеді. Шавкаттың Кевин Холландпен жекпе-жегін ктамашалар едім. Одан кейін Белал Мухаммадпен жұдырықаса алады. 

Кевин Холланд - лайықты баға берілмеген қарсылас. Мені қоса алғанда көптеген файтерге қарсы жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсете алады. Оны қауіпті деп есептеймін. Ал Шавкатқа топ-5 тізімге жетуді көздеу керек деген ойдамын. Кевин Холланд айтарлықтай жақсы қарсылас, сондықтан матчмейкер болсам, мен Кевин - Шавкат айқасын ұйымдастырар едім", - дейді ол The Schmo-ға берген сұхбатында.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz