Спорт

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы мәлімдеме жасады

  • © Lowking.pl

    © Lowking.pl

Шавкат Рахмоновтың (12-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсылас болатын польшалық Бартош Фабински (17-3) өзінің жеңетініне сенеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақстандық файтердің мықты жақтарын атады.

"Үзілістен кейін октагонға оралғым келді, сондықтан UFC-ден жауап күттік. Электронды күйде қарсыласымыздың аты жазылған хат келді - Шавкат Рахмонов.

Бапкерім оны М1 чемпионы ретінде біледі, бірақ, мен жеңетініме сенемін. Қарсыласымды сыйлаймын, Шавкат партерде де, жұдырықтасқанда да өте қауіпті. Жан-жақты файтер, жас, жылдам, дәлдігі де жақсы. Дегенмен менің дағдыларым жетерлік деп ойлаймын.

Бұл менің жекпе-жегім - қазіргі кездегі мен үшін ең маңызды оқиға. Оған дейін күн санап жүрмін.

Польша тауларындағы ауыр жаттығу лагерінен келдім. Енді Варшавадағы WCA Fight Team залында қаламын. Біздің зал Еуропадағы ең мықтылардың бірі. Сондықтан толық дайын боламын.

Рахмонов мен үшін үлкен сын болады, бірақ, жекпе-жектен кейін менің қолымды жоғары көтереріне сенімдімін", - дейдіФабински.

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 11:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30