Спорт

«Шайқасқа лайық емес»: Қуат Хамитов қатысатын жекпе-жек өтпейтін болды

  • «Шайқасқа лайық емес»: Қуат Хамитов қатысатын жекпе-жек өтпейтін болды

    «Шайқасқа лайық емес»: Қуат Хамитов қатысатын жекпе-жек өтпейтін болды

Оқырманының "неліктен олай болды?" деген сұрағына боксшы: "Білмеймін, мен жекпе-жекке дайын болғанмын! Кардтан шығарып жіберді", - деп жауап берді Хамитов.
Қазақстандық файтер Қуат Найман Хамитов 25 желтоқсанда Алматыда өтетін Gorilla Fighting Championship турнирі бойынша ұрыстың болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Достар, 25 желтоқсанда мен Алматыдағы жекпе-жекте өнер көрсетпеймін! Жекпе-жек өтпейтін болды!", - деді ол жазбасында.

Оқырманының "неліктен олай болды?" деген сұрағына боксшы: "Білмеймін, мен жекпе-жекке дайын болғанмын! Кардтан шығарып жіберді", - деп жауап берді Хамитов.

Бұған дейін Хамитов пен тәжікстандық Нурулло Алиев жеңіл салмақта GFC белбеуіне таласатыны хабарланған. Құрметті қонақ ретінде турнирге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келуі керек болған.

Ал "Спорт ақпарат орталығының" мәліметінше, тажікстандық файтер оны Қазақстанда жеңіс бермеуі мүмкін деген оймен турнирге қатыспайтынын мәлімдеген.

"Мен бұл жекпе-жекке Қуат GFC ережесі бойынша бұл шайқасқа лайық адам емес екеніне қарамастан, мықты қарсылас болғандықтан ғана келістім. Бірақ турнирге аз уақыт қалған кезде GFC басшылығы мен Қуаттың командасы жекпе-жек шартын өзгертіп жіберді. Бұл тіпті шарт емес, ультиматум, 13 желтоқсанда Краснодарда болатын жекпе-жек уақытын Қазақстанда 25 желтоқсанда болатын турнир уақытына өзгертуімді талап етті. Бәрімізге белгілі, қазақстандық төрешілер әділ емес. Сондықтан біреудің арнайы жоспары бойынша жүретін және ойын нәтижесі алдын ала белгілі жекпе-жекте күрескім келмейді", - деп мәлімдеді Нурулло Алиев Instagram желісіндегі парақшасында. 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 01:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31