Спорт

Шетке кеткен шебер алғашқы ойынын сәтті өткізді

  • Шетке кеткен шебер алғашқы ойынын сәтті өткізді

    Шетке кеткен шебер алғашқы ойынын сәтті өткізді

BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайрат" клубының экс-шабуылшысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында "Әл-Айн" сапында алғашқы ойынын өткізді.

Vesti.kz сайтының жазуына қарағанда, қазақстандық футболшының командасы "Әл-Васла" клубын өз алаңында қабылдаған. 

 

Бауыржан алаңға 71-минутта есеп 3:0 ("Әл-Айн" пайдасына - авт. түсіндірмесі) кезінде шықты.

Исламхан алаңға шыққаннан кейін "Әл-Айн" тағы екі жауапсыз гол салды, нәтижесінде ойын 5:0 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, алаң иелері бір ойыншыға кем ойнады. Қазақстандық футболшы ойын барысында нәтижелі пас шығарды.

Келесі ойында "Әл-Айн" өз алаңында "Әл-Шардж" клубының ойыншыларын қабылдайды. 27 ұпай жинаған Исламханның командасы жалпы есепте екінші орында келеді, ал қонақтар 24 ұпаймен төртінші орында тұр. Ойын 7 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:15-те басталады. 

 

"Әл-Айн" Исламханмен келісімшартқа отырғаны туралы 31 қаңтар жарияланды. Жаңа клубта қазақстандық сегізінші нөмірде өнер көрсетеді. Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" футболшысы ретінде алғаш сұхбат беріп, жаңа клубпен жаттығу жасап үлгерді. Ол БАӘ чемпионатының ең қымбат ойыншыларының ондығына кірді.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31