Спорт

Шорт-трек: Абзал Әжіғалиев әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандық Абзал Әжіғалиев Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, Абзал 500 метр қашықтықта үздік үштікке ілікті. Бұл қашықтықта оңтүстіккореялық Се Джун Лу алтын медальді жеңіп алды. Бельгиялық Стийн Десмет күміс жүлдеге ие болды.

 

 

А.Әжіғалиев екінші жартылай финалда мәреге бірінші болып жетіп, соңғы бәсекеге жолдама алды. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков қазіргі кезде команданың алдағы наурыз айының ортасында Сеул қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатқандығын жеткізді.

 

«Биылғы маусымда жастардан Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаевтарды қосып, шама-шарқын байқап жатырмыз. Бұрынғы құрамнан Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қалды. Барлығы 8-9 шорттрекшімізді шыңдау үстіндеміз. Алдағы жылы қыркүйектен бастап төрт бірдей әлем кубогы кезеңі өтіп, олимпиадаға лизенциялар сарапқа салынады. Мақсат - 2022 жылғы Бейжің олимпиадасына қатысу үшін жолдамаларды барынша көбірек жеңіп алу», - деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Қарсыбеков.

 

Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Абзал Әжіғалиев кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының атынан ел намысын қорғап келеді.

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31