Сочидегі Олимпиада ойындарының мәдени шараларына 5000 әртіс қатысады
Бүгінде 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін Сочиге бүкіл әлем көз тігіп, құлақ түріп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда Сочиде Олимпиада ойындарын тамашалауға жиналатын халыққа арнап Live Sites Sochi 2014 қалалық ойын-сауық орталықтары ашылды. Мұндай орталықтарға үлкен сахна, алып экран орнатылып, жарық, дыбыс беру құрылғылары түгелдей түгенделген. «Алаш айнасы»
Қалалық мерекелеу орталықтарына дүниежүзінен жиналған қонақтар, жанкүйерлер өздерінің спортшыларына қолдау көрсетіп, олардың жеңістерін тойлата алады. Аталмыш орталықтарда тек қысқы Олимпиада ойындары трансляцияланып қана қоймай, түрлі мәдени іс-шаралар, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Бағдарламалар аясында Ресейдің атақты спортшыларына, бұрынғы Олимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі.
Сочиде барлығы бес Live Sites Sochi 2014 орталық, Ресей бойынша осындай 12 нысан жұмыс істейтін болады. Олимпиадаойындары кезінде осы орталықтарға 800 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. Мұндай орталықтардағы салтанатты іс-шаралар тегін өткізіледі. Қалалық мерекелеу орталықтарының техникалық серіктесі және жалпы Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының бас серіктесі «Ростелеком». Ресей бойынша қалалық мерекелеу орталықтары жеті қалада: Екатеренбург, Краснодар, Красноярс, Омск, Тюмень, Хабаровск, Ханты-Мансийскте ашылды.
Live Sites Sochi 2014 – Ресейде теңдесі жоқ бірден-бір жоба. Бұл қалалар мен мемлекеттерді біріктіретін, Олимпиада ойындарының әрбір шарасын мерекеге айналдыруға мүмкіндік жасайтын жоба. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік мәдени шараларды еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тамашалай алады. Таңғы уақыттарда балаларға арналған танымдық, ойын-сауық шаралары өткізілетін болса, әр кеш сайын Ресейдің және шетелдердің Fly Project, Максим, Iowa, Инь-Ян тобы, Ираклий, Бьянка, Ирина Дубцова, Анита Цой секілді өнер жұлдыздары көрерменге арнап ән салмақ.
Алдағы уақытта «Алаш айнасы» Сочидегі мерекелік шаралар жөнінде толық ақпараттар беріп отырады.
(Деректерsochi2014.com сайтынан алынды )
Жұлдыз
Радиосы