Спорт

Соңғы он жылдықтағы ең бай спортшылар тізімі жарияланды

  • © KYIV-NEWS коллажы

    © KYIV-NEWS коллажы

Forbes журналы 2010-2019 жылдар аралығында ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жариялады.

9 жылы ішінде ең көп табыс тапқан спортшылардың көшін 915 миллион доллармен Флойд Мейвезер бастаған.

Екінші орынға “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалиялық футбол жұлдызының табысы 800 миллион долларды құрады.

Үштікті аргентиналық футболшы Лионель Месси қорытындылаған. “Барселона” лидерінің осы аралықта тапқан табысы – 750 миллион доллар.

Рейтингте спортшылардың жалақысы, ақшалай сыйлықтары, бонустары мен имидж құқығын пайдаланып жарнамадан тапқан қаржысы есепке алынған.

Ең табысты топ-10 спортшы:

1. Флойд Мейвезер (бокс) – 915 млн
2. Криштиану Роналду (футбол) – 800 млн
3. Лионель Месси (футбол) – 750 млн
4. Леброн Джеймс (баскетбол) – 680 млн
5. Роджер Федерер (теннис) – 640 млн
6. Тайгер Вудс (гольф) – 615 млн
7. Фил Микельсон (гольф) – 480 млн
8. Мэнни Пакьяо (бокс) – 435 млн
9. Кевин Дюрэнт (баскетбол) – 425 млн
10. Льюис Хэмилтон (“Формула-1”) – 400 млн

Айт кетейік, әйелдер арасынан байлар рейтингіне бір ғана әйел спортшы – теннисші Серена Уильямс 215 миллион доллар табыспен енген.

 kaz.vesti.kz




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30