Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Спорт министрі ауыр атлетика бапкерлерінің арасындағы жанжал туралы пікір білдірді

22 желтоқсан 2021, 16:12

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауыр атлетикадан ұлттық құрама бапкерлерінің арасындағы жанжал туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт министріне өзі барып тағайындап кеткен ауыр атлетика бас бапкерінің неге қазір жұмыс істемей жатқанын сұрады.

"Талдықорғанда өткен рспубликалық чемпионаттан кейін бүкіл облыстардың бас бапкерлерімен отырыс болды. Солармен ақылдаса отырып, Дәурен Бекмахамбетов деген азаматты бас бапкер болуға лайықты деп есептедік. Жалпы заң бойынша, регламент бойынша біздің бұл ұсынымызды Федерация өз атынан Ұлттық Олимпиадалық комитетпен бірге министрліктің спорт комитетінде ұсыныс ретінде беруі керек", – деген министр журналистерді бұл мәселе жыл аяғына дейін шешімін табатынына сендірді.

"Сонымен қатар, осы сұрақ біз жыл аяғында Ауыр атлетика федерациясында өтетін конференцияда да қарастырылады деп отырмыз. Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймын. Жалпы бәрі заң бойынша, рет-ретімен келе жатыр", – деді ведомство басшысы.