Спорт

«Спортқа бөлінген қаржы қолды болып жатыр»: белгілі боксшы Тоқаевқа үндеу жасады

  • «Спортқа бөлінген қаржы қолды болып жатыр»: белгілі боксшы Тоқаевқа үндеу жасады

    «Спортқа бөлінген қаржы қолды болып жатыр»: белгілі боксшы Тоқаевқа үндеу жасады

40 адамға дайындық жүргіземіз деп өтінім беріледі. Алайда іс жүзінде бұл дайындыққа 25 адам қатысады. Ал 15 адамға бөлінген ақша ұрланады.

Қазақстандық кәсіби боксшы Аида Сатыбалдинова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Видеода Сатыбалдинова отандық спорттағы бірқатар мәселені көтеріп, мемлекеттен спортқа бөлінген қаражаттың ұрланып жатқанына назар аударуға шақырды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен - Аида Сатыбалдинова, Көкшетау тумасымын. Қазіргі таңда мен - кәсіпқой боксшымын, WBF International чемпион атағына ие болдым. АҚШ-та тұрып жатқаныма 3 жыл болды. Алайда шаршы алаңға тек Қазақстан туымен шығамын", - дейді спортшы.

Ол бокстағы өзекті мәселені көтерді.

"Қазақстандағы спорт мәселесін көтергім келеді. Мен мемлекетіміз спортты дамытуға қомақты қаржы бөліп жатқанын білемін. Оған өте қуаныштымын. Алайда мұндағы өзекті мәселеге тоқталғым келеді.

Біріншіден, менің ойымша, Қазақстанның барлық өңірінде спорттың барлық түрі бойынша міндетті түрде тексеріс жүргізу керек. Онда еңбек етіп жүрген спортшылардың санын міндетті түрде анықтау қажет. Себебі, оларға ақша бөлініп жатыр ғой.

Екіншіден, 40 адамға дайындық жүргіземіз деп өтінім беріледі. Алайда іс жүзінде бұл дайындыққа 25 адам қатысады. Ал 15 адамға бөлінген ақша ұрланады", - дейді Аида Сатыбалдинова.

Сонымен қатар, ол легионерлер мәселесін де көтерді. Оның пікірінше, легионерлер қазақстандық спортшылар болмаған жағдайда керек.

"Спортшыларымыз болған кезде 2-3 есе көп жалақы төлейтін легионерлердің не керегі бар? Мен инвестиция тек бізің спортшыларымызға ғана бөлініп, оларды дайындау керек деп санаймын. Олар еліміздің туын әлемдік аренада мақтанышпен көтереді", - дейді боксшы.

Сатыбалдинова қазақстандық жаттықтырушылар мен боксшылар арасындағы мәселені шешуді сұрады. Оның айтуынша, олар "спортшыларды қандай да бір жарыстарға немесе дайындық жиынына барған деген құжатқа қол қоюға мәжбүрлейді". Алайда іс жүзінде спортшы ешқайда бармаған. "Алайда бөлінген ақша, ұрланып жатыр" дейді ол.

"Назар аударғаныңызға рақмет. Біз бірлесіп, әділ мемлекет құра аламыз деген сенімдемін", - дейді боксшы.




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.12.2020, 02:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28