Стадиондағы жаппай төбелестен 17 футбол жанкүйерлері қаза тапты

08 наурыз 2022, 09:09

Мексикалық жанкүйерлер жергілікті біріншіліктің матчы кезінде жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурыз, жексенбіге қараған түні болды, деп жазды журналист Дэвид Медрано Twitter -де. Ол сондай-ақ 17 адамның қаза тапқанын хабарлады.

 

«Керетаро» өз алаңында 60-минутта 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда, трибунада төбелес басталған. «Керетаро» жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, VAR жабдығын (төрешілерге көмек көрсету жүйесі) қиратты. Атлас жанкүйерлерімен арадағы төбелесте 17 мерт болды, көпшілігі Атластың жанкүйерлері.

 

Керетаро штаты полициясының өкілі көз жұмғандардың барлығы ер адамдар екенін айтты. Стадион күзетшілері көрермендерге, соның ішінде әйелдер мен балаларға трибунадан шығуға мүмкіндік беру үшін қосымша есіктерді ашты.

 

Бұған дейін Керетаро штатының полициясы 22 адамның жараланып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылғанын мәлім еткен.

 

Мексика чемпионатының «Керетаро» - «Атлас» ойыны қауіпсіздікке байланысты қайта жалғасқан жоқ. Кездесу басқа күнге ауыстырылады.