Тағы бір қазақстандық Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды
Arlan MMA Pro кәсіби командасы Instagram-дағы парақшасында Санжар Әділовтің EFC-мен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
 
Әділов - Arlan MMA Pro мүшесі. Оның жаңа келісімі 4 шайқасқа арналған.
 
Ол 2021 жылы Eagle Fighting Champrionship жарысына қатыса бастайды.
 
Еске салайық, промоушен Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.
 
 Еске салайық, Санжар бұдан бұрын EFC-де өнер көрсеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 5 желтоқсанда EFC 30-да өтті. Ол қырғызстандық Бектұрсын Кайыпназаровпен (8-8) кездесіп, бірінші раундта жеңді.
 
Бұған дейін қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан промоушенмен келісімшартқа отырған еді.