Спорт

Тағы бір қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

  • https://baq.kz

    https://baq.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Антон Боднар рұқсат етілмеген препарат қолданған. Бұл туралы ақпарат Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы базасында жарияланды.


Спортшының қанынан «Метандиенон» препараты табылған. Бұл препарат WADA-ның (Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімінде бар. Қарапайым тілде «метан» деп аталады. Аталған препарат спорттық медицинада бұлшықет массасын көбейту үшін қолданылады.


Препарат анаболизмді күшейтеді және глюкокортикостероидтер тудыратын катаболикалық процестерді тежейді. Сондай-ақ оны қолдану кезінде денеде басқа реакциялар пайда болады. Дегенмен, «метанның» ең басты артықшылығы – бұлшықетті күшейту.


Енді Боднар 4 жылға спорттан шеттетіледі. Жеңіл атлет 2019 жылдың 2 шілдесінен 2023 жылдың 2 шілдесіне дейін аластатылды.


Шымкенттік жеңіл атлет Антон Боднар биіктікке секірумен айналысады. Ол былтырғы жылы Азия ойындарына қатысып, финалға дейін жеткен болатын. Ал биыл ақпан айында Ыстамбұлда өткен Ruhi Sarialp Jumping Events Indoor Cup турнирде күміс жүлдеге болды. 2018 жылы Бішкекте өткен Олимпиада чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесі үшін жарыстың жеңімпазы атанған. Бірнеше рет Қазақстан чемпионатында жүлдегер болған.


baq.kz

 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 16:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30