Тағы да қарсыластар: Роналду мен Мессидің командалары Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездесетін болды

13 желтоқсан 2021, 19:14

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Лионель Месси өнер көрсететін ПСЖ командасы Криштиану Роналду ойнайтын Манчестер Юнайтедпен күш сынасатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалардың бақ сынайтын жұптары белгілі болды. Қалған қатысушы командалар мынадай топтарға бөлінді:

Бенфика – Реал

Вильярреал – Манчестер Сити

Атлетико – Бавария

Зальцбург – Ливерпуль

Интер – Аякс

Спортинг – Ювентус

Челси – Лилль.

Алғашқы матчтар 2022 жылдың 15-16 және 22-23 ақпанында өтсе, жауапты матчтар 8-9, сондай-ақ 15-16 наурыз күндеріне жоспарланған.