Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Тағы не керек?". Рахмонов UFC-ге үн қатты

01 қаңтар 2023, 18:58

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шавкаттың негізгі қарсыласы Джефф Нил жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Бұл кездесу 14 қаңтар Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өту керек болған.

Осыдан кейін Рахмоновты өзге америкалық Брайан Барберена жекпе-жекке шақырып, аралық салмақта жұдырықтасуды ұсынды. 

Қазақстандық файтер бұған келісіп отыр және ол Вегастағы турнирді өткізіп алғысы келмейтіні анық.