Танымал боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

10 наурыз 2021, 18:00

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа лауазымға тағайындалды. Ол Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің директоры болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әділбек Сәбитұлы 2014 - 2018 жылдары Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау бокс клубы» МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы болып істеген. 2019 - 2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер, 2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

 
Әділбек Ниязымбетов әр жылдары түрлі наградалар мен сыйлықтарға иегері атанған. Ол 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері атанса,  2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания) болады. 2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инхон/Корея), ал 2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд ) болады. 2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия), 2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған -2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты атанған.