Танымал файтер UFC-де қатарынан төртінші рет жеңілді

08 мамыр 2022, 16:32

Жеңіл салмақтағы үздік америкалық Майкл Чендлер мен Тони Фергюсон Феникстегі (Аризона, АҚШ) UFC 274 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші раундтың басында Чендлер Фергюсонды жақ сүйегінен соғып, нокаутқа түсірді.

 
Бұған дейін 36 жастағы Чендлер соңғы екі жекпе-жегін, ал 38 жастағы Фергюсон үш жекпе-жегін жеңіліспен аяқтаған болатын.

Еске салайық, осы турнирде бразилиялық Чарльз Оливейра (32-8-0-1) Джастин Гэтжимен кездескен болатын. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Оливейра қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді.