Танымал комментатор Шавкат Рахмоновқа таңдай қақты

01 мамыр 2022, 09:51

UFC ұйымының танымал комментаторы Джо Роган өзінің подкасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Мұндай жігіттерге қарап отырып, олардың күреске мықты екенін байқайсың. Бірақ бұл жігіт грэплингте шынымен мықты болғанымен, соққысы да өте мықты. Ол күресе алады. Сонымен қатар, ашық айқаста да күшті. Шавкат аяғымен қарсыластың денесіне ауыр соққы жасай алады. Дегенмен ол онша танымал емес. Алайда бұл жігітке назар аудару керек деп ойлаймын", - деді Роган.

 

Еске салайық, Рахмонов келесі кездесуін 25 маусым күні Лас-Вегаста өткізеді. Бұл айқас бес раундқа есептелген.