«Таптап өтеді»: Сарапшы Головкин-Альварес айқасы жайлы пікір білдірді

07 наурыз 2022, 23:05

Олардың бірі өрлеп, өсіп келеді, ал екіншісі таудан төмен ылдилауда.

Бокс сарапшысы, агент және инсайдер Рик Глейсер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйекке белгіленген. 

"Альварес Головкинмен еден сүртеді. Олар мексикалық орта салмаққа енді өткен кезде жұдырықтасқан. Әлі піспеген кезінде. Ал Головкин бабында болған, ал қазір "Канело" нақ күшіне келді. Геннадий 1000 пайызға барын салатынын білемін, бірақ, Сауль оны таптап өтетініне сенімдімін. Олардың бірі өрлеп, өсіп келеді, ал екіншісі таудан төмен ылдилауда. Сосын тағы бір мәрте айтайын, қыркүйекте "Канело" Головкин емес, Муратамен айқасатын болса таңданбаңыздар", - дейді Глейсер.