Спорт

"Ташкентте есемізді қайтарамыз": Махмуд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

  • "Ташкентте есемізді қайтарамыз": Махмуд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Сабырхан чемпионат жайлы пікір білдіріп, болашақ жоспарымен бөлісті. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол келесі әлем чемпионатында бұдан да жақсы жетістікке қол жеткізуге тырысатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Чемпионаттан күміс медаль алсам да, мені қуана қарсы алған барлық жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Бұл әлем чемпионатына "алтын" үшін барған едім. Алайда күміс медальмен марапатталдым.

 
Финал алдында төрт жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңдім. Әзірге жапондық боксшыдан неліктен жеңілгенімді айта алмаймын...

Әрине, әлем чемпионаты маған көп тәжірибе берді. Алайда бұл тек бастамасы. Алда сынақ көп. Келесі жылы Азия ойындары болады. Әрі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында көк туымызды көтергім келеді. Жарыстарға дайындалып, өз есемізді қайтарамыз", - деді Махмуд Сабырхан. 

Айта кетейік, шетелдік сарапшылар Махмуд Сабырханды үздіктермен салыстырған болатын. Олар отандасымызды "қазақстандық Ломаченко" деп атады.  




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31