Ташкентте өткен әлем чемпионатында Арлей Чонтей алтын медаль жеңіп алды

08 желтоқсан 2021, 11:44

Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан алтын медаль еншіледі, – деп жазады Olympic.kz.
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден де мықтылығын дәлелдеді. Жұлқа көтеруде 118 келіні, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, жалпы 260 келі көтерді.
Күміс медальді Таиланд, қоланы Болгария спортшысы еншіледі.

Olympic.kz.