Спорт

ТМД елдерінің спорттық сайысы қашан өтеді?

  • ТМД елдерінің спорттық сайысы қашан өтеді?

    ТМД елдерінің спорттық сайысы қашан өтеді?

Спорттық ойындар жарысы алғаш рет тамыз айында өтеді деп жоспарланған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ТМД елдерінің спорттық ойындар жарысы 4-11 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрі бойынша бақ сынайтын сайысты ұйымдастырушылар қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде өткізуді жоспарлап отыр.  

"Қазіргі кезде жарыстың өтетін күнін нақты белгілеу үшін Ресей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде", – делінген хабарламада.

ТМД елдерінің спорттық ойындарына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады.

Ал спортшылар армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша өзара бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар мәліметіне сүйенсек, коронавирус індетіне  байланысты жағдай тұрақсыз күйде қалса, сапорттық шараны өткізу мерзімі де өзгертілуі мүмкін.




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.06.2020, 18:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31