Спорт

"Тобылдың" экс-футболшысына шұғыл донор қажет

  • "Тобылдың" экс-футболшысына шұғыл донор қажет

Қатерлі қан обырына шалдыққан "Тобылдың" экс-футболшысы Николай Жуковқа шұғыл донорлар қажет, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы спортшының жағдайы нашарлап кетті, оған қан тобы ІІІ (+) донорлар қажет. Бүгінгі таңда бір адам ғана қан тапсыру туралы шақыруға үн қатқан. Ал тромбоциттерді бір рет құю үшін оған алты донор керек. Мұның алдында 25 жастағы қостанайлық "Тобылдың" тәрбиеленушісінен қан обыры табылған болатын. Оның бұрынғы әріптестері мен қала тұрғындары Германияда ота жасату үшін қаржы жинай бастаған. Әзірге керекті сома жиналған жоқ, барлығы шамамен 100 миллион теңге қажет. Бірақ клиникада оны емдеуге кірісу үшін күтіп отыр. Алайда, экс-футболшының жағдайы әлі ауыр және оны тасымалдау мүмкін емес. Германияға жіберу үшін тромбоциттерді құю керек. Көмектескісі келген адамдар Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а мекенжайы бойынша Қан орталығына баруына болады. Николай Жуковқа қаржылай көмек көрсетуге дайын адамдар үшін "Тобыл" футбол клубының сайтында деректемелер көрсетілген. 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

сенбі, 24.08.2019, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30