Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Тобылға» Петренко келді

03 маусым 2011, 10:05

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы жанкүйерлерге жаңа бапкерін таныстырды. Ресейлік маман Равиль Сабитов босатқан орынға тағы бір ресейлік Сергей Петренко келді.
Сергей Петренко футболшы ретінде тек мәскеулік «Торпедоның» ғана сапында өнер көрсеткен екен. Бапкер ретінде де «Торпедоны» жаттықтырып, «Тобылға» келгенге дейін Нижегородск қаласының «Волга» клубында қызмет атқарған. Енді бұл маманның алдына премьер-лигада үздік алтылыққа ену тапсырмасы қойылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір қостанайлықтар 14 ұпаймен турнир кестесінің 8-орнында келе жатыр. Қызметіне сәрсенбінің сәтті күні кіріскен маманның әлеуетін 7 маусымда «Ертіс» – «Тобыл» ойынында байқаймыз.