Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоғызқұмалақ тақтасы – шартарапта

22 қараша 2012, 11:06

Кейінгі кездері төл өнеріміз тоғызқұмалақтан бірнеше маңызды біріншілік өткі­зіл­ді. Біз соның тек ең соңғыларына тоқталып өтсек деп едік.
Қараша айының басында Шымкентте тоғызқұмалақтан жастар арасындағы (16, 18, 20 жасқа дейінгі) Қазақстан чемпио­наты өтті. Оған еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы қатысты. Олардың арасында бес спорт шебері болды. Әр жас мөлшерінде мына  тоғызқұмалақшылар  ел чемпионда­ры атанды:
Бозбалалар:
16 жасқа дейін – Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда облысы),
18 жас – Нұрбек Құрманов (Астана),
20 жас – Ардақ Қанапашев (Павлодар облысы);
Бойжеткендер:
16 жас – Гүлнұр Спанова (Қос­танай облысы),
18 жас – Әсел Темірханова (Павлодар облысы),
20 жас – Айнұр Байзекенова (БҚО).
Ал осыдан бірер күн бұрын Швейца­рияның Ля Тур де Пэ қаласында тоғызқұ­малақтан халықаралық турнир болып өтті. Оған Швейцариядан, Антигуадан, Нидер­ландыдан, Франциядан және Қазақстаннан 12 спортшы қатысты. Жүлделі орындардың бәрін Қазақстан тоғызқұмалақшылары иеленді. 1-орынды Әсел Далиева жеңіп алса, Нұрбек Қабиев – 2, ал Диана Кенина 3-орынға ие болды.
Ал қазан айының ортасында Прагада (Чехия) тағы бір халықаралық турнир өткен болатын. Оған Чехия, АҚШ, Словакия, Словения елдерінен және Қазақстаннан 16 спортшы қатысып, 1-орынды Роза Райым­бе­кова (Қазақстан) еншілеген. Мар­тин Кутис пен Ондре Сач (екеуі де – Чехия­дан) 2 және 3-орындардан көрі­ніп, тоғызқұ­ма­лақ ойынын чехтардың да тәп-тәуір меңге­ріп алғандығын дәлелде­ген.