Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

06 тамыз 2022, 22:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ФИДЕ марапатымен және Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Еске салсақ, Бибісара Асаубаеваға "Әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы – 2021" марапатын әлемнің 15-ші чемпионы Вишванатан Ананд тапсырды.

 

Бибісара Асаубаева - әйелдер арасындағы гроссмейстер, халықаралық шебер, 2021 жылы шахмат тарихындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы. Ол – "Алтын Мангуст" және "Шапағат" ордендерінің иегері.

 

Айта кетері, Үндістанның Ченнай қаласында әлемдік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Индиядағы әлемдік шахмат олимпиадасының жетінші кезеңінде Қазақстанның шахматтан ерлер командасы 11-ші орыннан 7-ші орынға көтерілсе, әйелдер командасы 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді.