Токио-2020: 1 тамызда кімдер жарысқа шығады?

31 шілде 2021, 21:00

1 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ертең күрес түрлерінен жарыс басталады. Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов пен әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.

 

Грек-рим күресі. Ерлер, 60 келі. 1/8 финал

08:00. Мейрамбек Айнағұлов - Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)

 

Әйелдер күресі. 76 келі. 1/8 финал

08:00. Эльмира Сыздықова - Айпери Медет Кызы (Қырғызстан)

 

Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу

08:17. Михаил Литвин

 

Спорттық гимнастика. Ерлер, еркін жаттығу. Финал

14:00. Милад Карими

 

Бокс. Ерлер. 1/4 финал

15:18. 75 келі. Әбілхан Аманқұл - Эберт Соуза (Бразилия)

16:24. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Иван Верясов (Ресей).

 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.