Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Токио-2020. Ағайынды Емельяновтар жартылай финалға өте алмады

02 тамыз 2021, 11:07

Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1000 м қашықтықтағы ширек финалдық сындар аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды. 

В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.

BAQ.KZ