Токио-2020: Балуан Демеу Жадраевтың жолы болмады

02 тамыз 2021, 17:09

Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Демеу Жадраев Токио Олимпиадасының 1/8 финалынан аса алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

77 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Шохей Ябикуға 3:5 есебімен есе жіберді. Осылайша, ол Токио жазғы ойындарында жығылған қазақстандық үшінші балуан.

 

Дегенмен ол жұбату раундында белдесуі мүмкін.

 

Мұның алдында Элмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов Қырғызстан өкілдерінен жеңілген болатын.

 

Еске салайық, Жадраев 2015 және 2018 жылдардағы Азия чемпионаттарында қола мен күміс жеңіп алған, соған қоса, 2017 жылғы алем чемпионатының "күмісін" иеленген еді.