Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

29 шілде 2021, 10:04

Теннисші Елена Рыбакина финалға шығу үшін маңызды ойын өткізеді. Сонымен қатар бүгін еліміздің туын көтеріп шыққан Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады

Олимпиадада қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесін ұсынамыз.

8.30-да су полосынан Қазақстан - Испания матчы басталды (ерлер, топтық кезең).

8.40-та академиялық ескек есу басталды, оған біздің Владислав Яковлев қатысып жатыр.

12.00-де Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасымен финалға шығу үшін күш сынасады.  

14.15-те боксшы Әбілхан Аманқұлдың  жекпе-жегі өтеді (1/8 финал, 75 келіге дейін).

15.51-де рингке ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев шығады (91 келіден жоғары).

14.18-де Ильфат Абдуллин садақ атудан өнер көрсетеді.

sputnik.kz