Токио Олимпиадасы: Қазақстандық гимнаст үш жаттығу бойынша финалға шықты

24 шілде 2021, 23:51

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылардың есімдері белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар деп жазады Olympic.kz. 

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды.  Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды. Көпсайыстан финалдық сын 28 шілдеге, еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған.