Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті

22 шілде 2021, 12:59

Бейсенбі күні Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарымен байланысты COVID-19 жұқтырудың 12 жаңа жағдайы турады мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандардың екеуі – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар.

Қазіргі уақытта Токиода Ойындарға қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сандарды санауға 1 шілдеде кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.

Ашылу салтанаты жұма күні кешке Токиода COVID-19 шектеулеріне байланысты жанкүйерлерсіз өтеді.