Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Токио Олимпиадасының алғашқы ережелері жарияланды

04 ақпан 2021, 21:31

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Халықаралық паралимпиада комитеті және «Токио &ndash 2020» ұйымдастыру комитеті Жапониядағы жазғы ойындардың алғашқы ережелерін жариялады. Бұл туралы ХОК сайтында хабарлады.
Ойынға қатысатын спортшылар өздерінің жай-күйі туралы есеп беретін арнайы қосымшаны пайдалануға міндеттеледі. Сондай-ақ олар айналадағы адамдармен физикалық байланысты болудан барынша қашуы тиіс, оның ішінде қол алысу да бар. Қатысушылар өзара екі метрлік арақашықтықты сақтауы керек. Атлеттердің жарыс кезінде көрермендер қатарына отыруына тыйым салынды. Сонымен қатар жанкүйерлердің айғайлап, ысқыратын заттарды пайдалануына рұқсат жоқ. Көрермендер спортшыларды тек қол шапалақтап, қолдай алады.
Токиоға шығарда 72 сағат бұрын спортшылар коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтижесін растайды. Жарысқа ұшып келерден екі апта бұрын спортшылар ішкі қарым-қатынасты азайтуы тиіс. Оларға коронавирусқа қарсы вакцина күштеп салынбайды. Аталған талаптар бұзылған жағдайда спортшы жарыстан шеттетілуі мүмкін.

Токио Олимпиадасы коронавирусты инфекцияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.