Токио Олимпиадасының дайындығына бөлінген триллиондаған теңге заңсыз жұмсалған

26 ақпан 2022, 16:25

Еліміздің Есеп комитеті Токио Олимпиадасының дайындығына бөлінген қаржының қалай жұмсалғанын тексерді. Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді деп хабарлайды Экспресс К.

 

Наталья Годунованың айтуынша, өткен жылы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуын тексеріп, көптеген заң бұзушылықтар анықталған.

 

Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды, — деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ Есеп комитеті Токиода өткен Олимпиаданың дайындығына және пандемиямен күреске бөлінген қаржыларды тексеруді аяқтаған. Бірақ нәтижесі туралы хабарланбады.