Спорт

Токио Олимпиадасының қашан өтетіні белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Токио Олимпиадасы келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

 

Осылайша Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиада комитеті, Токио-2020 ойындарын ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ, Токио қаласы мен Жапония билігі Олимпиада ойындары өтетін жаңа мерзімді бекітті.

 

Бүгін телефон арқылы өткен жиынға ХОК президенті Томас Бах, Токио-2020 президенті Мори Йоширо, Токио губернаторы Коике Юрико, Олимпиада және Паралимпиада ойындарының министрі Хасимито Сейко қатысты.

 

Жаңа шешімді қабылдау барысында тараптар 2020 жылдың 17 наурызында ХОК атқарушы комитеті бекіткен негізгі үш қағиданы ұстанды.

 

1. Спортшылар мен барлық қатысушылардың денсаулығын сақтау, сонымен қатар, COVID-19 індетінің тежелуін қолдау;

2. Спортшылар мен олимпиадалық спорт түрлерінің ұстанымын қорғау;

3. Ғаламдағы халықаралық спорт күнтізбесі. Жиын барысында жазғы спорт түрлеріндегі барлық халықаралық федерациялар мен ұлттық олимпиада комитеттері қабылданған шешімді қолдады.

 

Айта кетелік, 24 наурыз күні әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты Жапония билігі мен ХОК бірлесе отырып, Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдаған еді.

 

Осылайша, жаңадан бекітілген мерзімге сәйкес Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

 

Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 21:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31