Спорт

Токиодағы жазғы олимпиада кейінге қалдырылды

  • Токиодағы жазғы олимпиада кейінге қалдырылды

    Токиодағы жазғы олимпиада кейінге қалдырылды

Токиодағы Олимпиада ойындары бір жылға кейінге қалдырылды. Мұндай ұсынысты Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ айтты. Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеп.

Абэ айтуынша, Бах коронавирустың өршіп тұрған шағында олимпиаданы бір жылға кейінге көшіру туралы ұсынысты 100 пайызға қолдады. Бұл ретте екі тарап та Олимпиада ойындары 2021 жылдың жазынан кешіктірмей өтеді деп келісті. Осылайша, Токиода Олимпиаданы өткізудің нақты күні белгісіз болып қалады.

23 наурызда ХОК құрметті мүшесі Ричард Паун жарысты 2021 жылға ауыстыру туралы мәселе шешілгенін мәлімдеген еді. Комитетте канадалықтың сөзі оның жеке көзқарасы деп санауды ұсынды.

Сол күні Жапонияның премьер-министрі парламентте сөйлеген сөзінде 2020 жылдың жазына жоспарланған Олимпиада ойындарын коронавирус жағдайына байланысты өткізу мүмкін емес екенін мойындады. Абэ ХОК президенті Томас Бахпен ойын ұйымдастыру мәселесін талқылауға уәде етті.

Токиода Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болатын. 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2020, 22:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31