Төреші футболшыны итеріп жіберді: "Атырау" – "Шахтер" матчындағы оқиға видеоға түсіп қалды

15 наурыз 2021, 13:57

"Атырау" – "Шахтер" матчының төрешісі Арман Исмуратов алаң иелерінің шабуылшысы Сәбит Тастанбековті итеріп жіберді. Видео желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атырау" 13 наурызда қарағандылық "Шахтерді" қабылдады, Кездесу қонақтардың пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Кеншілер тоғыз жылда алғаш рет мұнайшыларды жеңді.

Кейінірек желіде "Мұнайшы" стадионынының ішінде болған оқиға түсірілген видео көпшіліктің назарын аудартты. Онда матч төрешісі Арман Есмұратов "Атырау" шабуылшысы Сәбит Тастанбековті итеріп жібергені көрінеді.
Видео тым қысқа, бірақ оқиғаға қатысушылар бір нәрсеге дауласқаны анық. Тастанбековтің судьяны ашуландыратындай не айтқаны белгісіз. Ал Есмұратовтың әрекеті сол жердегі футболшылар мен басқа да адамдардың таңқалдырды.

Оқиғаға қатысты Қазақстан футбол федерациясында түсініктеме берді.

"Барлық қажетті материалдар жиналып, төрешілер комитетіне тапсырылады. Шешім жақын арада шығарылады", – деді Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің басшысы Сергей Кенетаев.

Еске сала кетейік, "Астана" ФК бас директоры Михаил Гурман футболдан 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турының "Тұранға"қарсы матчтың ұйымдастырылуы және өту барысын қатаң сынға алды.