Төрешілердің шешімі әділетсіз. Жұмағұловқа UFC -де тағы бір "мүмкіндік" берді

06 маусым 2022, 18:56

Mmadna.nl порталының тілшісі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) пен америкалық Джефф Молина (11-2) арасындағы жекпе-жегіндегі төрешілерді сынға алып, UFC ұйымынан отандасымызды шығармауын сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 56 турнирінде болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 28-29, 29-28, 27-30 есебімен Молинаға берді.

 

"Жекпе-жек теңдей болды. Молина да, Жұмағұлов та айқын басымдыққа ие болмады. Бірақ мен Молинаның жеңісін көрмедім. Қазақстандық белсенді болып, екі раундты өзінің пайдасына аяқтады. Төрешілердің шешімі түсініксіз болды. Иә, Молина көп соққы жасады. Алайда, дәл тиген соққылардың саны бойынша қазақстандық файтер алда болды. Бұл Жұмағұловтың осымен екінші күмәнді жеңілісі. Менің ойымша, UFC оған тағы мүмкіндік беруі керек. Ол әлі өзін жақсы қырынан көрсетуі мүмкін", - деді Дорф.

 

Айта кетейік, Жұмағұлов жалпы UFC ұйымында бес кездесу өткізді. Ол төрт рет жеңіліп, бір рет жеңді.