Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Турнирді бастамай жатып аяқтадық

20 қаңтар 2011, 10:55

Бұл күндері Австралияның Мельбурн қаласында теннистен «Австралия оупен» турнирі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін басталмай жатып аяқталды.
Жалпы, бұл турнирге қатысу үшін елі­міз­­ден «Жасыл құрлыққа» Андрей Голу­бев, Михаил Кукушкин, Евгений Королев, Се­силь Каратанчева және Зарина Диас ат­танған. Осылардың ішінде рейтингтері жоғары Голубев пен Кукушкин турнирді не­гізгі сыннан бастаса, рейтингтері төмен соң­ғы үшеуі іріктеу турнирінен бастауға мәж­бүр болған. Дегенмен ешқайсысы үмі­тімізді ақтай алған жоқ. Қос қызымыз Ка­ра­танчева мен Диас іріктеу сынының бірін­ші кезеңінде-ақ опық жесе, Евгений Коро­лев іріктеу сынының екінші кезеңінде сү­рін­ді. Кезінде ел болып мақтаған Сесиль АҚШ-тың есімі ешкімге таныс емес Коко Ван­девеге есімді қызынан 4:6, 2:6 есебімен же­ңілсе, жас аруымыз Зарина Диас АҚШ-тың тағы бір спортшысы Ирина Фалкониден 6:7, 3:6 есебімен жеңілді. Ал Евгений Ко­ро­лев іріктеу сынының бірінші кезеңінде бра­­зилиялық Тьяго Фернандесті тізе бүктіргенімен (6:2, 6:0), келесі кездесуінде ка­надалық Франк Дансевичтен 6:7, 2:6 есе­бімен жеңіліп қалды.
Турнирді негізгі сыннан бастаған Ан­дрей Голубев пен Михаил Кукушкин де бі­рін­ші кездесуінде-ақ жеңілуге мәжбүр бол­ды. АТР рейтингінде 37-орында тұрған Го­лубев 105-орындағы болгариялық Гри­гор Димитровтан өте алмады. Есеп – 1:6, 4:6, 2:6. Ал 63-орын­да­ғы Михаил Кукушкин ук­раи­на­лық Александр Долгополовтың (46-орын) алдында 3:6, 4:6, 2:6 есе­бімен тізе бүкті.