УЕФА: Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургте өтпеуі мүмкін

25 ақпан 2022, 12:30

Санкт-Петербург қаласында футболдан чемпиондар лигасының  финалы өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Нақты шешім бүгін УЕФА  комитетінің отырысында қабылданбақ.

 

Сарапшылардың айтуынша, ойын басқа елде өтуі ықтимал.

 

Айта кетейік, жуырда Еуропалық футбол қауымдастығының одағы Ресей мен Украина шиеленісін  айыптып, қарсылық акция ретінде  «Шальке»  неміс футбол клубы ойыншылардың жейделерінде суреттелген  «Газпром»  компаниясының логотипын қолданудан бас тартты. 

 

«КАЛЕВ» ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЛИГАСЫНАН ШЫҚТЫ

 

Ал «Калев» Эстонияның баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасынан шықты. Команда мүшелері кез келген әскери әрекеттерге қарсы екендігін мәлім етті.

 

Біріншілікке қазақстандық «Астана» командасы да кіреді.

 

Баскетболшылардың ойыны наурыздың 7-сі күні өтуі тиіс еді.

 

Ал Испанияның Барселонасы да  Санкт-Петербургтың «Зенит» командасымен ойнамайтынын айтып Еуролига жарысынан бас тартты.

 

Осылайша ресейлік 3 бірдей қоманданың ойыны кейінге шегерілді.

 

 

 

 

24.kz