Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

UFC 2022 жылдың ең үздік жекпе-жегін таңдады

27 желтоқсан 2022, 16:49

Ultimate Fighting Championship (UFC) әртүрлі санаттар бойынша 2022 жылдың қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы ең үздік жекпе-жек ретінде Сингапурдағы UFC 275 турнирінде өткен Иржи Прочазка мен Гловер Тейшейра арасындағы айқас таңдалды.

 

Еске салайық, бұл жекпе-жекте чех спортшысы бесінші раундта тұншықтыру әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

 

Осылайша, қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жеткен бразилиялық спортшы жеңілістің кермек дәмін татты.

 

Жалпы, 30 жастағы Прохазки 33 жекпе-жек өткізіп, оның 29-ын жеңіспен аяқтаған. Қазіргі уақытта чех жартылай ауыр салмақтағы UFC рейтингінде бірінші орында тұр.

 

Тейшейра 33-8 рекордымен осыған ұқсас топта екінші орынға жайғасқан.