UFC-де қазақстандық команда файтері өз салмағында үздік ондыққа кірді

07 маусым 2022, 19:18

UFC ұйымында жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік спортшы Мовсар Евлоев өз салмағындағы рейтингте үздік ондықтың қатарына қосылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Евлоев 13-орында тұрған болатын.

 

Ресейлік файтер соңғы кездесуін жексенбі күні, Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Fight Night 207 турнирінде өткізіп, америкалық Дэн Игенді жеңді. Кездесу үш раунд болды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Евлоевқа берді.

 

Айта кетейік, бұл спортшы қазақстандық Arlan MMA Pro намысын қорғайды. Ол аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.