UFC-дегі қазақстандық бұрымды өзіне жала жапқан файтермен жұдырықтасады

21 желтоқсан 2021, 10:14

UFC промоушенінде аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) келесі жекпе-жегін украиналық Марина Морозбен (10-3) өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бұл айқас 2022 жылдың 5 наурызына жоспарланған UFC 272 турнирінде өтеді.

 

Мұның алдында Агапова мен Мороз жанжалдасып қалған болатын. 30 украиналық спортшы Мария Агапованы есірткі пайдаланды, заңмен қиындықтары бар, тіпті біреуді пышақтамақ болған деген еді.

 

Еске салайық, қазан айында Агапова Сабина Мазоны (9-3) жеңіп, үш жекпе-жектен кейін промоушендегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық Морозды жекпе-жек өткізуге шақырған болатын.