UFC президенті Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

01 наурыз 2022, 14:34

Шешенстанда дүниеге келіп, қазір Швецияның намысын қорғайтын Хамзат Чимаев (10-0) келесі кездесуін Гилберт Бернспен (20-4) өткізеді, деп жазады "Вестник ММВ" телеграм-каналы.

 

Бұл кездесу 10 сәуірге UFC 273 турниріне жоспарланған. Мұны UFC президенті Дана Уайт та тастады.

 

27 жастағы Чимаев жеңілмеген спортшы. Ол он кездесуде өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуі UFC ұйымында тіркелді.

 

Соңғы кездесуін Хамзат UFC 267 турнирінде өткізіп, қытайлық Ли Джинлиангтан айласын асырды.

 

 

 

kaz.vesti.kz