UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық Матеус Глорияны нокаутқа түсірді

23 шілде 2023, 08:36

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (15-1) Алматыда өтіп жатқан «Октагон 47» турнирінің кешіндегі басты кездесуде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап жазды.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы сегізбұрышта бразилиялық спортшы Матеус Глориямен (12-4-1) кездесті.

 

Екінші раундтың басында-ақ Бекзат бразилиялық боксшыны басынан теуіп (хайкик) нокаутқа түсіріп, мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді.

 

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC-ге түсуге үміткер Алмахан аргентиналық Мауро Мастромариниден басым түскен UAE Warriors промоутерлік жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz