Бразилиялық спортшы Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Осы уақытқа дейін Хабиб Нурмагомедовке тиесілі болып келген белбеу ресейлік карьерасын аяқтағаннан соң бос қалған болатын. Ол қазан айында карьерасын аяқтайтынын айтты. Бірақ жарты жылдай бәрібір чемпион атанып келді.
Тек наурыз айында UFC Нурмагомедовтен чемпиондық атақты алып, белбеуге Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер таласатынын мәлімдеді.
Бұл жекпе-жек Хьюстон қаласында UFC 262 турнирінде өтті. Бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Ал екінші кезеңде Оливейра Чендлерді соққының астына алды. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Чарльзге берді.