Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Универсиада басталды

21 сәуір 2011, 10:19

Кеше Астанада еліміздегі ЖОО студенттері арасында өтетін VI жазғы универсиада аясында бокстан ашық біріншілік басталды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі спорт бәсекесі биыл Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында ұйымдастырылып отыр.
Бас-аяғы төрт күнге созылатын уни­версиаданың өтуіне Білім және ғылым ми­нистрлігіне қарасты Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы мұрындық болыпты. Оған жасы 28-ге дейінгі сту­денттер, магистранттар мен орди­на­тор­лар қатыса алады. Сондықтан байрақты бә­се­кеге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Павло­дар, ­Қос­танай және Ақтөбе қалаларындағы жоғары оқу орындарынан 29 команда (165 бокс­шы) келіпті.
«Мұндай жоғары дәрежелі турнирді өткізу мәртебесіне ие болу – біздің уни­верситетіміз үшін үлкен мәртебе. Мұндай мәртебе Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті жоғары деңгейлі боксшылар даярлауда үздік көрсеткішке қол жеткізгендіктен беріліп отыр», – дейді осы оқу орнының ректоры Айтбай Бұлашев.