Видеоблогер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін 50 миллион доллар ұсынды
Америкада атақты видеоблогер Джейк Пол ирландиялық ММА файтері Конор МакГрегорге жекпе-жек өткізу үшін 50 миллион доллар кепілді гонорар ұсынды.
 
Сонымен қоса, YouTube-блогер жекпе-жектің барлық шартын атады:
 
бокс ережесі бойынша және үш минуттан сегіз раунд,
84 келі салмақта,
ал қолғаптар он унцийдан болу қажет.
 
Жекпе-жек келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 180 күн ішінде өтуі тиіс.