Спорт

Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз әрекетін түсіндірді

  • Жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетов, видеодан кадр

    Жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетов, видеодан кадр

Желіде волейболдан қыздар командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Мұның алдында бапкердің әрекеті видеоға түсіріліп, тексеріске себеп болған еді.

 

Ер адам Жаңаөзендегі №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, видеороликтегі қыздар Жаңаөзен волейбол командасының мүшелері, олар жақсы көрсеткішке жетіп, спортта жетістігімен көрініп жүрген спортшылар.

 

"Шеттен қарағанда шапалақ болып көрінгенімен, олай емес. Алтыншы нөмірдегі ойыншы команданың лидері, өз әрекетіммен оны ойынға қыздырып, команданы жандандыруға талпынысы болғанын қаладым. Әрекеттерім шеттен қарағанда ойыншыларға дөрекілік көрсеткендей болғаны үшін кешірім сұраймын", - дейді видеода Тұрмағамбетов.

 

 

Мұның алдында әлеуметтік желілерде жаттықтырушының волейболшы қыздарды бетінен және басынан ұрғаны түсірілген видео пайда болған. Кейін оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы әкімдігі мен Білім және ғылым министрлігі пікір білдірген.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28